Саяси лауазымдарға жаңадан қабылданатындарға арнайы талап енгізілді

newtimes.kz newtimes.kz
Аудан әкімі лауазымын иелену үшін 11 талаптың біріне сай болуын қажет етеді.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №485 Жарлығымен "Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" арнайы біліктілік талаптары бекітілді.

Мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметі саяси – айқындаушы сипатқа ие, саяси мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға жауаптылықта болатын лауазымды тұлғалар болып табылады.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысы бойынша 20 саяси қызметші еңбек етуде (облыс әкімінің орынбасарлары, қала , қалааралық аудан және аудан әкімдері).

Мемлекеттік саяси лауазымдарға қабылданатын кандидаттарға білімі, құзыреттері және жұмыс тәжірибесі бойынша төмендегі талаптарды қамтитын болады.

Білімі бойынша талаптар: Мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасу үшін кандидаттардың жоғары білімінің болуы талап етіледі.

Құзыреттер бойынша талаптар: Мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасу үшін ғаламдық пайымдау, тиімді коммуникациялық дағдылар, стратегиялық ойлау және көшбасшы қабілетінің болуы талап етіледі.

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: Жұмыс тәжірибесі еңбек заңнамасына сәйкес еңбек өтілі және (немесе) мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет өтілі және (немесе) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы жұмыс өтілін қамтиды.

Біліктілік талаптары салалық министрлігі мен облыс әкімінің белгілі бір салаға жетекшілік ететін орынбасарларына, сондай-ақ қала, қалааралық аудан және аудан әкімдеріне қолданылатын болады.

Мәселен, үміткерлерге аудан әкімі лауазымын иелену үшін 11 талаптың біріне сай болуын қажет етеді. Солардың бірін атап айтсақ:

- еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызметте

2 жыл және кейбір санаттағы төмен емес (С-3, D-3, C-O-3 - облыстық деңгейдегі басқарма басшысы, C-R-1 - аудандық деңгейдегі басқарма басшысы, D-O-2 - облыстық басқарма басшысының орынбасары, Е-2 - аудан әкімі аппаратының басшысы, Е-R-1 - бөлім басшысы) басшы лауазымдарда ыл тәжірибесі бар болуы.

- еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда

1 жыл тәжірибесі бар және білім, ғылым, мәдениет және спорт саласындағы әлемдік деңгейдегі жарыстарда ең жоғары жетістіктерге ие болған жағдайда;

- еңбек өтілі 4 жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымдарда

2 жыл тәжірибесі және ғылыми дәрежесі бар болуы.

Қорыта айтқанда, әрбір басшы төменнен бастап барлық басқару сатыларынан өтіп, мемлекеттік саяси қызметтің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының күшейтілуі білікті мемлекеттік саяси қызметшілердің сапалық құрамының жасақталуына маңызды оң әсерін тигізеді.

Жоғарыда айтылған барлық талаптарды басқа да БАҚ-нан толық мағлұмат алуға болады.

Бирдагалеева Гүлмира Шалғынбекқызы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз