Талғар ауданы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Сурет: Instagram/talgar_akimat
Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Абдалимов Нуржан Диханбекович тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2024 жылғы 15 қарашада аудан әкімдігі мәлімдеді.
"Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Абдалимов Нуржан Диханбекович тағайындалды",- делінген ақпаратта.
Нуржан Диханбекович 1988 жылы 10 маусымда дүниеге келген. Білімі жоғары. Қазақ қатынас жолдары университетін кеден ісі мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар, "Қайнар" академиясында құқықтану магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолы:
- 2011 жылы "Алматы қаласының ақпараттық жүйелер орталығы" КМК-да аға оператор;
- 2011-2015 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің маманы;
- 2015 жылы мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;
- 2015-2018 жылдары кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы;
- 2018-2019 жылдары мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы;
- 2019-2021 жылдары "АлматыЭлектроТранс" ЖШС-де бөлім басшысы;
- 2023 жылдың сәуірінен бастап бүгінге дейін Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Бұған дейін Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев болған. Бірақ Талғарда 16 жасар Шерзат Полаттың өлімінен туындаған желідегі ақпараттардан кейін ол 2024 жылдың 15 қазанында қызметінен босатылды. Желіде Аслан Хасан Қасымбаевтың туған ағасы деген ақпарат тарады. Өз кезегінде Талғар тұрғындары Хасанды "Хуторские" ОПГ жетекшісі деп атады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript