Алматыда 1315 медицина қызметкері екпе алды

9 Ақпан 2021, 15:28
Сурет: Kazakhstan Today

Бұл туралы Алматы қ. ӨКҚ брифингінде қаланың қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының дәрігер-эпидемиологы Эльвира Ибрагимова айтты. Алматы қаласы үшін медициналық қызметкерлерді вакцинациялау үшін СҚ Фармация 1750 дозаны жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірінші кезекте, вакцинация инфекциялық стационарлардың қызметкерлеріне, көпсалалы стационарлардың қабылдау, реанимация бөлімдерінің қызметкерлеріне, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін жедел медициналық көмек қызметкерлеріне, сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлеріне жүргізіледі.

Медицина қызметкерлеріне бірінші кезең үшін 1 750 доза вакцина алынды, сәйкесінше, екінші кезең үшін 1750 дозаның жеткізілуі күтілуде. Вакцина 2 кезең жүргізіледі, басында 0,5 мл дозада бірінші компонент, кейін 21 күннен кейін 2 компонентпен тағы да 0,5 мл енгізіледі, осылайша, вакцинаның бірінші дозасы иммундық жауапты іске қосса, екіншісі оны күшейтеді,- деп атап өтті Э.Ибрагимова.

8 ақпанда бірінші компонент вакцинасымен 1 315 медицина қызметкері қамтылды. 59 жағдайда вакцинация кейінге қалдырылды және 2 адам вакцинациядан бас тартты.

2021 жылдың 21 ақпанынан қызметкерлерді екінші компонентпен вакцинациялау жалғасады.

Вакцинацияны жүргізу үшін әрбір ауданда егу кабинеттері мен егу бригадасы дайындалды. Иммундау барлық ережелердің қатаң сақталуымен және «суық тізбекті » сақтау арқылы жүргізіледі. Қосымша бақылау органдарымен вакцинаның орталықтандырылған сақтау қоймасына жеткізілу барысы, оның медициналық ұйымдарға тасымалдануы және вакцинаның жеткізілу процесі тексеріледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?