Жамаубаев жаңылды. Олардың айлығын қанша көтерсең де пара алады

9 Ақпан 2021, 15:42
Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекеттік кіріс органдары қызметкерлерінің иықтарына шекпен жауып, шен тағып, жалақыларын көбейту керек деп ақылгөйсіпті, дейді желіде Көсемәлі Сәттібайұлы.

Құлақ жауыр болған әңгіме. Кезінде жол полициясы қызметкерлерінің айлығын көбейтсек, жемқорлығын қояды, "өздеріне ұсынған ақшаны көрсе жүректері айниды" деген де "реформа" болған. Бірақ одан жол полицияларының арандары ашыла түспесе, тиылған жоқ. Ал басшылары жемге тойған қораздай мүлде жүре алмай қалды.

Сондықтан салық қызметкерлерінің үстеріне мундир кигізіп, иықтарына зерлі погон тағып, айлығын бәленбай есе көбейтсек, пара алмайды-мыс деу бекер сөз.

Сенбесеңіздер, облыстық, қалалық кіріс департаменттерінің басшыларының қабылдауына басқа адам боп барып көріңіздерші, ырғалып жүріп, ыңыранып сөйлеп, сәлеміңізді зорға алмаса маған келіңіз.
Қайта арнайы органдар олардың қаншама қаржыны ухит-сухит қып, қалай "асайтынын" тексеріп, әшкерелеу керек.

Департамент сыртындағы ақылы қызмет көрсететін "дүңгіршектеріне" түсіп жатқан теңгелердің санын да білген абзал. Сағат сайын сатырлатып санап алып жатқан ақшалар қайда, кімдердің қалтасына кетіп жатыр?
Министр, шырылдайтын мәселе, міне, осы!

Ал жақсылық жасасаң, айналайын Үкімет, салық жинаушыға емес, алдымен салық төлеушіге жаса, дейді ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?