Қазақстанда жаңа салықтар енгізіледі
pixabay.com
Google салығы жетпей тұр еді.
2022 жылдан бастап цифрлық майнинг салығы енгізіледі. Қазақстанның салық заңнамасында тағы не пайда болады? Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Әнуар Сүлейменов айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Келесі жылдан бастап салық заңнамасына енгізілетін негізгі өзгерістердің бірі – бұл шетелдік және отандық компаниялар арасындағы бәсекелестік жағдайларды теңестіруге мүмкіндік беретін Google салығы деп аталатын цифрлық салық. Ол 2022 жылдың қаңтарынан бастап енгізіледі және тауарлар мен қызметтерді электрондық сервистер, интернет-сайттар арқылы өткізу кезінде шетелдік компаниялар төлейтін болады, – деді Сүлейменов.Оның айтуынша, бұл жаңа салық емес, ол қосылған құн салығы аясында енгізіледі, 12% ставкамен төленеді.
Сондай-ақ, экспорттаушыларды валюталық түсімді ішкі нарықта жұмсауға ынталандыру мақсатында 80% мөлшерінде қайтарудың жеңілдетілген тәртібі сияқты жеңілдікті енгізу көзделіп отыр. Ол экспорттан түскен валюталық түсімнің 50%-дан кем емес үлесін елде қалдыратын экспорттаушыларға ұсынылады. Сондай-ақ, ҚҚС төлеушілердің қызметін тоқтатудың оңайлатылған тәртібі енгізіледі. Бұл ҚҚС бойынша есепте тұрған салық төлеушілердің санатына қатысты, егер олар ешқандай операциялар, өзара есеп айырысулар жүргізбесе, қызметпен айналыспаса, камералық бақылау арқылы жүзеге асырылады, – деп нақтылады ол.Сонымен қатар, 2022 жылғы қаңтардан бастап салық берешегінің шекті шегі 6 АЕК мөлшерінде болады, одан төмен шоттарға тыйым салу қолданылмайды.
Сондай-ақ, келесі жылдан бастап цифрлық майнинг салығы енгізіледі. Оны цифрлық майнингпен айналысатындар төлейді. Ставкасы 1 киловаттқа 1 теңгені құрайды, – деп қорытындылады МКК департаментінің директоры.Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript