Өскемен тұрғыны алаяққа жарты миллион теңге беріп қойды

wikipedia.org wikipedia.org
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күні кеше Өскемен ПБ "102" жедел арнасына 57 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өткен жылдың жаз айында ол мобильді қосымша арқылы алаяққа 582 000 теңге аударғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықтағандай,зардап шегуші алаяқпен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Қаскүнем желілік-бизнес жобаның бірінде ақшаны екі есеге көбейтуге уәде берді бірақ сөзінде тұрмады.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 22-жастағы ер адамды анықтап,бөлімге жеткізді.Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толықтай мойындады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 190-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз