Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысының полицейлері қару және оқ-дәрі жасағандарды тұтқындады

Түркістан облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2019 16:25 Түркістан облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Төлеби ауданының полиция бөліміне атыс қаруы мен оқ-дәрі жасаумен айналысатын әлдекімдер бар екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Көрсетілген мекен-жайға полиция қызметкерлері бірден барып, жедел іздестіру шарасы барысында Төлеби ауданының екі тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы zakon.kz Түркістан облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ұсталған бір күдіктінің үйін тінту барысында тапаншаға ұқсас қолдан жасалған екі қару және шамамен 70-тен оқ табылып, тәркіленді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2019 16:25

Болған оқиға ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және «Қаруды заңсыз жасау» 288-бабымен СДТБТ тіркелді. Күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2019 16:25

Қазіргі таңда күдіктілердің атысқаруын заңсыз жасаумен айналысу және сақтау мақсаттары анықталуда. Полицейлер күдіктілердің дайындалған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алу мүмкіндігін жоққа шығармайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: