Қостанайда спорт-бардың заңсыз құмар ойын ұйымдастырғаны ашылды

10 Ақпан 2021, 10:49
Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «STOP-ойын» ЖАШ шеңберінде Қостанай қаласындағы спорт-барларының бірінде ойын бизнесі саласындағы заңсыз қызметті анықтады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, бұл мекемеде арнайы ойын жабдықтарын қолдана отырып, құмар карта ойындары өткізілген.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жария етуге жатпайды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?