Көлгінов елорда тұрғынына ағылшынша жауап берді

elorda.info elorda.info
Оған төрт жылдан бері елордада тұрып жатқан Мадридтен келген шетелдік Диего Амадо сұрақ қойды.

Алтай Көлгінов халықпен есеп беру кездесуінде қойылған сұрақтардың біріне ағылшын тілінде жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оған төрт жылдан бері елордада тұрып жатқан Мадридтен келген шетелдік Диего Амадо сұрақ қойды.

Ол әкімнің презентациясы қатты ұнағанын және өзінің кішігірім ұсынысы барын айтты.

Мадридте демалыс күндері орталық көшенің бір бөлігі үшін көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл, бір жағынан, қоршаған ортаға оң әсер етсе, екінші жағынан, велосипедке мініп, серуендеуге, жүгіруге, жалпы демалыс күндерін азаматтардың белсенді өткізуіне мүмкіндік бере еді, - деді ол.

Көлгінов өз кезегінде Амадоға алғысын білдірді.

Сіздің қала дамуына қызығушылық танытқаныңызға қуаныштымын. Біз салыстырмалы талдау, эксперимент жүргіземіз. Бізде "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" деп аталатын бас жоспар бар. Оның негізгі үш идеясы бар: денсаулығы мықты адамдар, тұрақтылық және өмірге бейімділік. Сізді біздің командада көргенімізге қуаныштымыз, - деді әкім ағылшын тілінде.

Диего Амадо осы жобаның бір бөлігі болуға келісті.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз