Алматыда 50-ге жуық адам пәтерсіз қалуы мүмкін

Дом, жилье, квартира, дома, квартиры, недвижимость, аренда жилья, съемное жилье, продажа дома, продажа жилья, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 10:38 Фото: Zakon.kz
Алматыда шамамен 50 адам бірнеше жылдан бері тұрып жатқан пәтерлерінен айырылып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ondiris Building компаниясының тұрғындары алдын ала жасалған сатып алу-сату шарттарының күрделі схемасы мен құрылыс компаниясы әріптестік орнатқан проблемалық несиелер қорына байланысты алаңдаулы, деп жазады

"Еуразия бірінші арнасы" ақпаратынша, Ondiris Building компаниясының тұрғындары алдын ала жасалған сатып алу-сату шарттарының күрделі схемасына және құрылыс компаниясы әріптестік орнатқан проблемалық несиелер қорына байланысты алаңдаулы.

Осындай тұрғындардың бірі – Асель Медетова. Ол бұл пәтерде алты жылдан бері тұрып келеді.

Әйел ай сайын жалдамалы баспана үшін 100 мың теңге төлейді. Шарт бойынша бұл соманың жартысы құрылыс компаниясына, қалғаны пәтер кепілде болғандықтан проблемалық несиелер қорына түседі. Қазір оның қарызы 11 миллион теңгеге жеткен. Егер ол бүкіл қарызды өтесе, пәтер оның атына рәсімделуі керек, өйткені пәтер кейін сатып алу шартымен жалға алынған. Алайда, қазір әйел толық соманы төлеуге қорқып отыр.

Мұндай қарыздарын толық өтеген отбасылар саны – шамамен 50. Бірақ олардың айтуынша, құрылыс компаниясы ешқайсысына пәтерді меншікке бермеген және нақты түсініктеме де ұсынбаған. Ал үшінші тұлғалардан пәтер сатып алғандар одан да қиын жағдайда қалған. Олар алдыңғы иелеріне төлем жасап, қалған соманы компанияға аударған. Нәтижесінде пәтердің толық құнын төлегенімен, заңды меншік иесі бола алмаған.

2023 жылға дейін төлемдер құрылыс компаниясы мен проблемалық несиелер қоры арасында тең бөлінген. Алайда тұрғындардың айтуынша, былтырдан бері құрылыс компаниясы қорға ақша аударуды тоқтатқан.

Компания өкілі алаңдауға негіз жоқ екенін айтып, бұл мәселе қыркүйек айында шешілетінін уәде етті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: