1000 теңгелік банкноттың жарамдылық мерзімі таяуда ақталады

10 Ақпан 2021, 13:19
Сурет: ҚР Ұлттық банкі

Ұлттық банк өз филиалдарында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімі яқталып қалғанын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2021 жылы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салады.

"2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды, енді ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады", - делінген хабарламада.

Банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық банктің филиалдарында жүзеге асырылады.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық банктің 1477 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?