СҚО шекарашылары мен полициясы шетелдіктерді заңсыз жазалаған

10 Ақпан 2021, 17:28
Сурет: Liter.kz

ҚР Бас көлік прокуратурасы ЕАЭО азаматтарын заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Шекара қызметі мен Солтүстік Қазақстан облысының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ЕАЭО азаматтарын Әкімшілік кодекстің 517-бабы бойынша елімізде тіркеусіз 30 күннен артық жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқаны туралы хабарланды. Бірақ заңнамадағы соңғы өзгерістерге сәйкес, олар Қазақстанда 90 күнге дейін тіркеусіз жүре алады.

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес, шекарашылар мен полицияның барлық 57 шешімі жойылды, шетелдіктерден құқық бұзушылар мәртебесі алынып тасталды.

Сонымен қатар прокурорлар шекара қызметі шетелдік азаматтардың шекара бақылауынан өтуінің шекті мерзімін бекіткенін анықтады. Яғни, шетелдіктерге 30 минут ішінде төлқұжат бойынша бақылаудан өту қажет болған, әйтпесе олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Ал Қазақстан заңнамасында мұндай талап қарастырылмаған. Бұл талап прокуратураның актісімен жойылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?