Үштөбе қаласында жасөспірім мұнарадан секірмек болды

видеодан кадр видеодан кадр
Полицейлері секірмек болған жасөспірімді суицидтен құтқарып алды.

Алматы облысы Қаратал ауданы ПБ "Бүркіт-287" патрульдік экипажы Үштөбе қаласының тұрғыны, 17 жастағы жасөспірімнің өмірін сақтап қалды. Кәмелетке толмаған жасөспірім ағымдағы жылдың 5-6 ақпанына қараған түні теміржол депосында орналасқан 50 метрлік мұнарадан секіруге тырысты, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдымен полиция қызметкерлері полиция лейтенанттары Нұрман Омаров пен Мақсұт Мұхамадиевтің жасөспіріммен диалог құруға тырысты. Ол байланысқа келмей қарсылық көрсеткен. Нәтижесінде полиция лейтенанты Нұрман Умаров жағдайды өз қолына алды: ол жақын тұрған мұнараға көтеріліп, көпір бойымен жүріп өтіп, қолына темекіні тапсырмақ болған, деді Қаратал АПБ бастығы, полиция полковнигі Рауан Әбдірайымов.

Кадрларда 17 жастағы тұрғынның батыл қимылдағаны байқалады. Бірақ 20 минуттық келіссөздерден кейін жас жігіт сәтті құтқарылып, қауіпсіз аймаққа жеткізілді.

Бүгінде жасөспірімнің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Онымен ювеналды полиция қызметкерлері мен психологтардың қатысуымен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі. Ал ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 127-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша екі хаттама жасалды, яғни кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта көшеде болғаны үшін және ата-ана құқықтарының тиісінше орындалмауы, деп өз сөзін толықтырды полковник Әбдірайымов.

"Бізге қоңырау келіп түсті, біз баланы құтқаруға бардық. Біздің әрбір әріптесіміз осындай жағдайба мақсатымыз адам өмірін сақтау! Біз әдетте айтқандай: Қазақстан Республикасына және халыққа қызмет етеміз!", деді Қаратал АПБ 287 бортының патрульдік полицейі, полиция лейтенанты Нұрман Омаров.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз