Өзбек үкіметі Ucell ұлттық компаниясының 100% үлесін Ресейге береді

gazeta.uz gazeta.uz
Түпкілікті келісім биыл жасалады.

Өзбекстан үкіметі Ucell акцияларының 100 пайызын ресейлік "ЮэСэМ Телеком" және МегаФон компанияларына берді. Бұл туралы 10 ақпанда Ucell баспасөз хатшысы хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Хабарларға қарағанда, Өзбекстанда ресейлік екі компанияның қатысуымен бірлескен Digital Holding кәсіпорыны құрылады. Оған елдегі телекоммуникация нарығындағы Ucell компаниясы, сонымен бірге USM-дегі өзбек активтері – CRPT Turon және ICS Holding Uzbekistan кіреді.

Ресей бірлескен кәсіпорынға 100 миллион доллар бөледі. Digital Holding бірлесен кәсіпорыны акцияларының 51 пайызы ресейлік компанияларға, ал 49 пайызы - Өзбекстанның мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі агенттігіне тиесілі болады.

"Түпкілікті келісім биыл жасалады. Digital Holding Өзбекстанда байланыс қызметін жақсартумен айналысады" делінген ресми хабарламада.

Ucell компаниясының Өзбекстанда 8 миллион абоненті бар.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз