Жаңалықтар тізбегі
0

Сенатта ҚР Үкіметі мен Азия Даму банкі арасындағы келісім қаралды

ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2020 22:54 ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі
Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев қаралып отырған Келісім экономиканы дамытуға бағытталғанын және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия Даму банкінің арасындағы әріптестікті нығайтуға жасалған тағы бір қадам екенін атап өтті.

Сенатта Ольга Перепечинаның төрағалық етуімен Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда "Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму банкі арасындағы Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру және оның орнықты дамуына, жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) ратификациялау туралы" заң жобасы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz.

Отырыста баяндама жасаған ұлттық экономика министрінің орынбасары Жаслан Мәдиев Келісімде мемлекеттік кепілдікпен қарыз алу кезінде Азия Даму Банкінің саясаты мен ережелерін қолдану жөнінде ережелер белгіленгенін атап өтті.

"Онда тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және экологиялық және әлеуметтік қорғау шаралары, негізгі еңбек стандарттары, төлемдер, ақпараттарды ашу, гендерлік дамудағы ережелер бар", - деді ол.

Оның айтуынша, мемлекеттік кепілдікпен берілген қарыз шарттарын тарату жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев қаралып отырған Келісім экономиканы дамытуға бағытталғанын және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия Даму банкінің арасындағы әріптестікті нығайтуға жасалған тағы бір қадам екенін атап өтті.

"Еліміздің экономикалық дамуына Азия Даму банкінің қызметі жұмыс орындарын құру, инновацияларды ынталандыру, әлеуетті ұлғайту, білім мен үздік халықаралық практикаларды енгізу негізінде кең ауқымды қолдау көрсету арқылы өз үлесін қосуда. Азия Даму банкі қарыздан бөлек, "Нұрлы жол", "Бизнестің жол картасы", "Цифрлік Қазақстан", агроөнеркәсіпті дамыту мемлекеттік бағдарламалары бойынша техникалық көмек көрсетеді", - деді Н.Қылышбаев.

Заң жобасын қабылдау жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейтуге және ауыл шаруашылығы, көлік және экономиканың басқа да секторларында мемлекеттік қарыздар және мемлекеттік кепілдікпен қарыздар түрінде инвестициялар тартудың қосымша мүмкіндіктерін беру жолымен инвестициялық жобаларды іске асыруға АДБ-ның салымын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Заң жобасы Палата қарауына жіберілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: