Жаңалықтар тізбегі
0

Бір жылда өз елінен 1 300 қазақ көшіп кеткен

Ашық дерекөздерден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2021 17:19 Ашық дерекөздерден алынды
Ұлттық статистика бюросы елден кеткен 29 мың адамның 20 мыңнан астамы орыс ұлты дейді. 2,5 мыңы - неміс, 2 мың - украин, 1300-і қазақ екен.

Қазақстаннан бір жылда 29 мың адам көшіп кетті. Оның 25 мыңнан астамы Ресейге қоныс аударған. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, елден кеткендердің көбі Қарағанды, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары, деп хабарлайды zakon.kz.

"Одан кейінгі қандастарымыздың үлкен легі Германияға ағылған. Онда 2250 жерлесіміз қоныс аударды. Одан кейінгі орында АҚШ, Беларусь, Өзбекстан мен Канада тұр. Қырғызстан мен Әзірбайжан, тіпті Израильге көшіп кеткендер бар", деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Ал шет елден Қазақстанға құтты мекен іздеп келушілер жоқ емес.

Атап айтқанда, 20-ға жуық мемлекеттен 12 мыңға жуық адам қоныс аударған. Көбі Ресей, Өзбекстан, Қытай азаматтары. Елден кетіп жатқандардың басым бөлігі солтүстік өңірдің тұрғындары: Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан. Ал қазақ жеріне қоныс аударғандардың көпшілігі үйді Алматы мен Түркістан облыстарынан алыпты. Тек бірлі-жарымы ғана Нұр-Сұлтан мен Алматыны таңдаған.

Ұлттық статистика бюросы елден кеткен 29 мың адамның 20 мыңнан астамы орыс ұлты дейді. 2,5 мыңы - неміс, 2 мың - украин, 1 300-і қазақ екен. Қазақстанға көшіп келген 11 мың адамның 5 жарым мыңы ғана қазақ. Жалпы, елімізге азды-көпті 20-ға жуық ұлт өкілі көшіп келген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: