Алты айда Қазақстаннан 12 мыңнан астам адам көшіп кеткен
Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанға 7 287 адам келді, елден 12 344 адам кеткен, көші-қон сальдосы -5 057 адамды құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,5%, кеткендер – 83% мигранттардың жалпы санынан. Ұлттық статистика бюросы
Бұл ретте ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 1,4%-ға азайды.
Өңіраралық қозғалыстар бойынша еліміздің үш облысында: Алматы (17 691 адам), Нұр-Сұлтан (15 753 адам) және Шымкент (1 883 адам) қалаларында халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript