Жаңалықтар тізбегі
0

Жыл басынан бері жеті мыңнан астам қазақстандық елден кеткен

аэропорт, көшу, адамдар Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың төрт айында Қазақстанға 5 122 адам келсе, елден 7 041 адам кеткен. Көші-қон сальдосы 1 919 адам болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздегі негізгі көші-қон ТМД мемлекеттері арқылы өтіп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 85,3% және 80,1% болды.

Ел ішінде қоныс аударатын көшіп-қонушылар саны 3% кеміді.

Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң нәтижесі еліміздің 3 өңірінде байқалды:

Алматы (11 577 адам);

Нұр-Сұлтан (10 300 адам);

Шымкент (1 664 адам) қалаларында.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз