Жыл басынан бері 15,5 мыңнан астам қазақстандық елден кеткен

жұмыс, әуежай, адамдар, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2022 18:40 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанға 8 372 адам келсе, елден 15 547 адам кеткен, көші-қон сальдосы минус 7 175 адам болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүзеге асады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1%, осы елдерге кеткендер – 84,6% (мигранттардың жалпы санынан).

Бұл ретте ел ішінде көшіп-қонушылардың саны 1,8% азайды.

Халықтың көші-қонының оң сальдосы еліміздің үш облысында да байқалады:

  • Алматы (20 860 адам келді),

  • Нұр-Сұлтан (19 007 адам)

  • Шымкент (2 140 адам).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: