Қазақстанда алғаш рет қазақ биінің анықтамалығы жасалды

12 Ақпан 2021, 12:21
Сурет: видеодан алынды

Ұлттық хореография академиясының қолдауымен дайындалған анықтамалық өнер білім орындарындағы жалпы оқу бағдарламасына енгізіледі деп жоспарланған.Анықтамалыққа бұрыннан қалыптасқан тек қазақ биіне тән атаулар кірген, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар-24"-ке сілтеме жасап.

Елордадағы Қазақ ұлттық академиясында ұлттық хареография өнерінің зертханасы бар. Қазақ биінің анықтамалығы осы зертханада жинақталды.

Тойған Ізім, Қазақ ұлттық хореографиясы академиясының қызметкері:

- Қазақстанда алғаш рет мынау қазақ биінің атауларын бір жүйеге келтіру мақсатында анықтамалық дайындадық. Ол анықтамалық бір күнні я бір адамның жұмысы емес. Осы жерде жүрген барлық ғалымдар, мұғалімдер атсалысты осы қазақ биімен айналысып жүрген. Осы анықтамалық бойынша біз екі жыл отырып жұмыс істедік.

- Қазақ биіндегі ерлердің орындауындағы ең негізгі қимылдардың бірі молдас қимылы. Ірінші халықтық түрі, сахналық түрі білесіздер. Аяғымызды түзу қоямыз.

"Қазақ биіндегі бір қимылды әр мұғалім әртүрлі атап келді. Анықтамалық соның бәрін бір жүйеге келтіру мақсатында шықты", - дейді профессор.

Жинаққа жалпы оқу бағдарламасына енетін міндетті қимылдар тізімі кірген.

Тойған Ізім, Қазақ ұлттық хореографиясы академиясының қызметкері:

- Осы жерде отырған алты мұғалім, осымен айналысқан, біз ештеңе ойлап шығарған жоқпыз. Біз тек Шара апамыздан қалған, Дәурен ағамыздан қалған, Голушкевич Ольга Всеволодовнадан қалған, Зауырбек ағамыздан қалған Тәти Айгүл Әбікеновнаның бағдарламалары бар. Солардың бәрін жиыстыра келе солардан алынған қимылдар.

Анықтамалық 12 бөлімнен тұрады. Оның ішінде қол мен аяқ қалыптары, бас ұстау қалыптары көрсетілген.

Сондай-ақ станок бойындағы қимылдар енгізілген. Жинақ қазақ, орыс тілдерінде жарыққа шығады. Оны биылғы оқу жылында қолданысқа енгізу жоспарланған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?