Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда алғаш рет жаңа туынды америкалық жүйемен таспаланды

Қазақстанда алғаш рет жаңа туынды америкалық жүйемен таспаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 16:27 Сурет: НТК
НТК қанды қылмысты әшкерелейді! Телеарна 16 бөлімнен тұратын "Түнде атылған оқ" сериалын көрерменге ұсынбақ. Тарихи детектив жанрындағы жобаға үш режиссер атсалысқан.

Картинада 60 жылдар суреттелген. Оқиға желісі – Матренаның қасақана адам қолынан қаза табуынан басталады. Істі – майор Ділдәбеков, капитан Майлыбаев пен полковник Дайыров майшаммен қарауға кіріседі. Туынды қазақ әдебиетіндегі тұңғыш детектив жазушылардың бірі Кемел Тоқаевтың шығармасының негізінде түсірілген. Режиссерлері Олжас Нұрбай, Шұғыла Сержан, Думан Еркінбек.

"Жобаның салмағы да, тақырыбы да ауыр. Бірақ көрерменге қазақ телевизиясының тарихында бұрын-соңды болмаған детектив жанрын жаңа деңгейде көрсетуге командамызбен барынша тырыстық. Өте ауыр сахналар бар. Жобаның маңызын түсінгеннен кейін түрлі режиссерды таңдадық. Өйткені, оқиға төрт бөлімге бөлінген. Әр бөлімді әр режиссер түсіреді. Бұл тәсіл Америкада қолданылады. Сапаны ұстау үшін осындай тәсілге бардық".Продюсер Жамал Жақсытай

Жоба режиссеры Олжас Нұрбай америкалық тәсілді арнайы қолданғанын айтты.

"Себебі жоба үлкен, бір режиссерге беру қиындау болуы мүмкін, сондықтан бірнеше режиссер таңдадық. Олардың бір-бірмен қоян-қолтық жұмыс істеуі менің тікелей міндетім. Біздің мақсатымыз – тек оқиғаларды көрсету емес, оқиғалар арқылы жеке бастың трагедиясын көрсету". Олжас Нұрбай

Телехикаяда көрермен құқық қорғау органдарының жұмыс барысын, сан алуан қылмысты қалай әшкерелегенін көреді. Шытырманға толы туындыда басты рөлдерді Ермек Шынболатов, Жұмағали Маханов, Кенжебек Башаров сынды актерлер сомдайды.

"Ол заманның адамдарының типажы басқа болған. Сондықтан өзіміз көздеп жүрген актерларды шақырып, солардың арасынан таңдадық. Актерлардың сол заманға сай болып, ерекше әсер қалдыруына барынша тырысып жатырмыз. Көрермен өз бағасын береді деген ойдамыз". Продюсер

Ал актерлар өз кезегінде тарихи зерттеу жүргізіп, жобаға жіті дайындалғандарын айтады. Басты рөлдердің бірін сомдаған театр және кино актеры – Ермек Шынболатов 60 жылдардағы адамды бейнелеу қызық болғанын айтады.

"Маған ең қатты ұнағаны сол стилистика, 60 жылдар, ол кезде қазіргіге қарағанда бәрі күрделі болды ғой. Мысалы, ол кезде техника қатты дамымаған, тергеушілер көбінесе адами факторларды есепке алып, зерттеу жүргізді. Менің кейіпкерім - тергеуші. Есімі Талғат, 25-30 аралығындағы интроверт адам. Негізінде, КГБ-ның адамдарын бәрі қатал деп есептейді ғой. Ал кинода біз ол түсінікті жоюға тырыстық. Агрессияға көп бой алдырмайтын, физикалық тұрғыда емес, мимен жұмыс істейтін кейіпкер".Актер Ермек Шынболатов

Көрермен 50-60 жылдарға енуі үшін үлкен еңбек жасалған. Ескі реквизиттерден арнайы декорация құрылып, раритет көліктер, бутофор қарулар қолданылған. Тарихи деректер ашық айтылып, оқиға боямасыз баяндалған. Жоба авторлары ол кездерден сақталған ғимараттар аз болғанымен туындыны Алматы облысының маңайында түсірдік дейді. Нақты сол кездегі ғимараттарды табу қиын, бірақ оқиғаның мәнісін бұзбай, әр локацияға көңіл бөлуге тырысқанын айтады.

Телевизия тарихындағы тұңғыш тарихи криминалды детектив жуырда НТК арнасынан көрсетіледі!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: