Жер үйде газ баллоны жарылып, бүтін бір отбасы көз жұмды

видеодан кадр видеодан кадр
Тірі қалған үйдің үлкені қазір әжесінің қарауында.

Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысында болған. Қаза тапқандар арасында 4 жасар бүлдіршін де бар. Абырой болғанда, үйдің үлкені сол күні әжесіне қонуға кеткен екен, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаев кентіндегі жер үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар таңғы сағат жетіде түскен. Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйге жеткенде, баспананың шатыры лаулап жатқан. Құтқарушылардың іске кірісе бергені сол екен, аяқ астынан газ баллоны жарылып, үйдің шатыры опырылып түскен.

Құтқарушылар өрттің ішінен төрт адамның мәйітін шығарған. Бұл үйде екі баласы бар жас отбасы тұрыпты. Сол күні үйдің үлкені – 7 жастағы қыз әжесіне қонуға кетіпті. Есесіне, ажал айдап келген бе, өрт шыққан үйде отағасының 17 жастағы балдызы қонып қалған. Төрт адамның өмірін жалмаған отты ауыздықтауға ауданның барлық өрт сөндірушілері жұмылдырылған. Құтқарушылар хабардың кеш түскенін, қатты аяздың қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтауға қолбайлау болғанын айтып ақталды.

Дмитрий Растихин, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

Үй электр тоғына қосылған, оның үстіне қазір аймақта қатты аяздар тұр. Сондықтан күні-түні пеш жағылған болуы керек. Біздің ойымызша, өрт сол пештен шыққан. Оқиғаның нақты себебі барлық тексеру жұмыстары аяқталған соң белгілі болады.

Тірі қалған үйдің үлкені қазір әжесінің қарауында. Онымен психологтар жұмыс жасап жатыр. Екі қызы, немересі мен күйеу баласынан бір түнде айрылған қарияның халі де қазір дәрігерлер бақылауында. Отағасының әйелі мктепте мұғалім болып жұмыс істеген екен. Үлгілі отбасының төрт бірдей мүшесін жерлеуге аудан халқы жұмылып қаржы жинап жатыр екен.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз