Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жер үйде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті

газ баллон, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2023 23:00 Сурет: видео скрині
Алматы облысындағы жер үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті. Бет-аузы мен денесі күйіп қалған анасы мен баласы ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әйелдің мойны, беті, аяқ-қолы – 35 пайызы күйген. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, бүгін бөлімшеге ауыстырылды. Ал баланың аяғының төменгі жағы күйген". Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Дәулет Тастанбеков

КТК телеарнасының хабарына қарағанда, Оқыс оқиға Тұздыбастау ауылындағы үйде болған. Екі қабатты коттедждің сырты бүтін болғанымен, іші бүлінген. 42 жастағы әйел үйдің жертөлесінде жұмысшыларға тамақ істемек болып, кенет газ баллоны лап етіп, баспананың астаң-кестеңін шығарған.

Әйелдің бет-аузы түгел күйіп қалды. Сол сәтте анасының жанында болған 22 жастағы жігіт те жарақат алды, бірақ жарылыс өртке ұласпаған.

Жаңа салынған үйге газ тартылған, бірақ келіншектің не себепті баллон қолданғаны әзірше белгісіз. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

"Жеке тұрғын үйде газ жарылғаны туралы хабар келді. Оқиға орнына дереу Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жіберілді. Газ баллонын дұрыс пайдаланбағаннан екі азамат зардап шекті. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр".Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Самат Кенжехан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: