Алматы облысында газ жарылып, төрт адам зардап шекті
Сурет: instagram/almobl_akimat
Алматы облысындағы Гүлдала ауылында табиғи газ плитасы жарылып, төрт адам зардап шекті. Оқиға, кеше таңғы уақытта Сүйінбай мен Байтұрсынұлы көшелерінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарылыстан зардап шеккен екі тұрғын Алматыдағы 4-клиникалық емханасына жатқызылды. Ал денелерін күйік шалған тағы екі тұрғын Алматы көпсалалы клникалық ауруханасына жеткізілген.
"Науқастар жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетіліп датыр", - деп хабарлады емхананың баспасөз қызметі.
Апат құбырдағы газ қысымының күрт жоғарылауынан болуы мүмкін. Оқыс оқиғадан кейін Төтенше жағдайлар қызметі мен газға жауапты компания жеке үйлерді аралап, газ қауіпсіздігін тексере бастады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript