Шахтинскідегі көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылып, 8 адам зардап шекті

Шахтинскідегі көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылып, 8 адам зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2026 11:51 Сурет: Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті
2026 жылғы 23 наурызға қараған түні Шахтинск қаласында тұрмыстық газ баллонынан газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шықты. Оқиға салдарынан 8 адам, оның ішінде 5 полиция қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер шақырту түскеннен кейін 4 минут ішінде оқиға орнына жеткен. Барған кезде пәтердегі жиһаз бен тұрмыстық заттардың жанып жатқаны анықталған.

Құтқарушылардың күшімен баспалдақ арқылы жоғарғы қабаттардан 5 адам эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері де тұрғындарды сыртқа шығарған, қалған тұрғындар ғимараттан өз бетінше шыққан.

"Тұрғындар үшін ТЖМ-нің вахталық көлігі арқылы жылыту ұйымдастырылып, сондай-ақ жылыту пункті ашылды. Оқиға салдарынан 8 адам зардап шекті, оның 5-еуі – полиция қызметкері. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: