Астанада пәтерде шыққан өрттен үш бала қаза тапты
Фото: Zakon.kz
Астанада 2026 жылғы 12 сәуірге қараған түні Есіл ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Өрт салдарынан үш кәмелетке толмаған бала қаза тауып, күйік алған бір әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт Түркістан көшесіндегі 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден шыққан. Хабар түскеннен кейін оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жеткен. Құтқарушылар келген кезде ашық жалын болғаны анықталды.
Өртті сөндіру барысында күйік алған бір әйел құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Ол №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнынан үш кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды.
Жоғарғы қабаттардан құтқарушылар 20 адамды эвакуациялап, тағы 40-қа жуық тұрғын өз бетінше сыртқа шыққан. Өрт толықтай сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Әкімдік мәліметінше, зардап шеккен әйелге және қаза тапқан балалардың отбасына қажетті көмек көрсетіледі. Жағдай ерекше бақылауға алынған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript