Астанада пәтерде шыққан өрт кезінде бес адам құтқарылды

Астанада Сембинов көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің оныншы қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өрт жатын бөлмесінде басталып, көрші бөлмелерге таралу қаупі төнген.
Құтқарушылар көрші пәтерден 5 адамды, оның ішінде үш баланы эвакуациялады.
"Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт тез арада оқшауланып, басқа бөлмелерге таралмай жойылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript