Қызылордада газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам зардап шекті
Сурет: Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі
19 сәуір күні Қызылордада жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт болды. 182 шаршы метр аумақ опырылып құлап, өрт 60 шаршы метр болатын уақытша құрылыс алаңына көшті. Бір адамды күйік шалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, қайғылы оқиға кезінде үйде 1984 жылы туған Өзбекстан азаматы болған. Жедел жәрдем ер адамды ауруханаға "І дәрежелі күйік" диагнозымен жеткізді.
Оқиға орнында штаб құрылды. Өрт бірнеше сағаттан кейін ауыздықталды. Қазір Өрттің себебі анықталып жатыр.
17 сәуір күні Жаңаөзенде газ жарылып, 11 адам зардап шекті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript