Павлодар облысында ауыл әкіміне айыппұл салынды

12 Ақпан 2021, 16:26
Сурет: Pixabay

Павлодар облысы Май ауданында тексеру комиссиясының тапсырмасын орындамағаны үшін ауылдық округ әкіміне 40 838 теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сот отырысында әкім өзінің кінәсін толығымен мойындады.

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы ауылдық округ әкімі аппаратында 2019 жылдың 2 тамызындағы аудиторлық есеп негізінде жүргізілген тексеру Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заң бұзушылықтарды анықтады. Аудит қорытындысы бойынша әкім аппаратының атына 2019 жылғы 13 қыркүйекте анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды. Алайда, орындау мерзімін ұзартуға қарамастан, нұсқама орындалмаған. Әкім ауылдық округ әкімі аппаратының бухгалтерлік есебін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауы тиіс еді. Бұзушылықтарды жою мерзімі 2019 жылғы 3 желтоқсанға дейін белгіленді, - дейді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Көрсетілген бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат тексеру комиссиясына ұсынылмаған.

Өтініш негізінде аудит объектісі нұсқаманың орындалу мерзімі екі рет ұзартылды және нұсқаманың түпкілікті орындалу мерзімі 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін айқындалды. Десе де, орындау мерзімі ұзартылғанымен, тапсырыс орындалмаған.

Ауылдық округ әкімі тексеру комиссиясы анықтаған бұзушылықтар бухгалтердің болмауына байланысты деп түсіндірген.

ҚР Әкімшілік кодексінің 462-бабының 4-тармағы бойынша әкім әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?