Өз қызметін асыра пайдаланған аудан әкімі 3,5 жылға сотталды
Павлодар облысының Баянауыл аудандық сотында Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz.
Сот отырысы барысында анықталғандай, 2016-2019 жылдар аралығында Баянауыл ауданының әкімі Қ., өзінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып. аэродром салу және осы мақсатта ұшу-қону жолағы мен әуежайды орналастыру үшін жер учаскесі бар ғимаратты алу туралы заңсыз шешім қабылдады, шынтуайтында бұл азаматтық авиация саласында орналасуы жағынан қауіпсіздік стандарттарына қайшы болған. Сотта айтылғандай, сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілдің, куәгерлердің айғақтарымен және сарапшылардың қорытындыларымен дәлелденді. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындады.
Сотта прокурор бұрынғы әкімге 4 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші өкіл - Павлодар облысының қаржы басқармасы прокурорының пікірімен келіскен.
ҚР Қылмыстық кодекстің 361-бабы, 3-тармағы 4-бөлігі бойынша айыпталған сотталушыға бұл бап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.
Кінәсін мойындау, сотталушының жасын (63 жас) және тараптардың пікірлерін ескере отырып, сот К.-ға 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу туралы жазаны тағайындады. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.