Сарқанда ұрлық жасаған жігіт Алматыда ұсталды

15 Ақпан 2021, 16:40
Сурет: Pixabay

Сарқан қаласының 30 жастағы тұрғыны 2020 жылдың соңында екі ұрлық дерегін жасап, тұрғындарға материалдық шығын әкелген. Қос қылмысты әшкерелеген тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, сотқа дейінгі тергеу барысында оның қылмыстарға қатысы барын дәлелдеген, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің ақпараты бойынша күдікті өз кінәсін толығымен мойындаған және сотқа дейінгі тергеу кезінде ол мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылған. Іс материалдары сот қарауына жолданған кезде, айыпталушы жауапкершіліктен жалтарып, бой тасалап, қашып кеткен.

Сот шешімімен оған іздеу жариялданды. Оның мекенжайын анықтау шаралары барысында 1990 жылы туған жігіт Алматы қаласынан ұсталып, ауданға жеткізілді. Енді ол ұрлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Ұсталушы уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, деді Сарқан АПБ бастығының орынбасары полиция майоры Алмас Сыдықов.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?