Тоқаев Шөмішбай Сариевтің қайтыс болуына байланысты көңіл білдірді

15 Ақпан 2021, 20:38
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Шөмішбай Нағашыбайұлы қазақ поэзиясының көшін алға бастаған қаламгердің бірі болды. Өрелі өлеңдері мен поэмалары оқырмандар тарапынан жоғары бағасын алды. Ұзақ жылғы шығармашылық жолда жемісті еңбек етіп, халқымыздың рухани байлығын дамытуға мол үлес қосты. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – делінген жеделхатта.

15 ақпанда ақын, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,филология ғылымдарының кандидаты, Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың және "Платинды Тарлан" сыйлығының лауреаты. "Парасат" орденінің, "Жыл адамы – Алтын Адам" ұлттық сыйлығының иегері Шөмішбай Сариевтің қайтыс болғаны белгілі болды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?