Атырауда полицейлер есірткімен ұсталды

16 Ақпан 2021, 10:01
Сурет: видеодан кадр

Атырауда полицейлер есірткімен ұсталды. Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Данияр Қанатов пен Роман Аймағамбетовті кеше кешкісін Атырау-Доссор тас жолы бойында өзіндік қауіпсіздік қызметкерлері уақытша қамауға алды, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Полицейлерді ұстау операциясы, әлеуметтік желіге тарап кетті. Онда "Hyundai" автокөлігі жанында ұсталған екеуге тергеу басталғаны хабарланады. Мотоциклдің дөңгелегіне мұқият жасырынған есірткіні шығаруға біраз уақыт кетті.

Видеоға қатысты түсінік берген полиция департаменті аталған деректі растады. Ұсталған екі полицейдің бірі еңбек демалысында, ал екіншісі қызметте жүргенін айтты.

Ерген Төлемісов, Атырау облысы ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы:

Жедел іздестіру іс-шараларын іздестіру барысында Атырау облысы Атырау – Доссор тас жолында тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдағаны үшін полиция департаментінің екі қызметкері ұсталды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?