Досаев Ұлттық қордағы ақшаның азаю себебін түсіндірді

16 Ақпан 2021, 12:57
Сурет: primeminister.kz

Ұлттық қордың активтері осы жылдың басынан бастап $1 млрд-қа төмендеп, биылғы қаңтардың соңында $57,7 млрд құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық қор активтерінің төмендеуіне мынандай себептер бар:

- Ұлттық қорға түсімдер 43 млрд теңге, оның ішінде валюталық түсімдер $56,2 млн немесе теңге баламасында 24 млрд болды;

- жыл басынан бастап 381 млрд теңгеге нысаналы және кепілдендірілген трансферттер бөлуді қамтамасыз ету үшін $720 млн сатылды; инвесторлардың тәуекелге бару деңгейінің төмендеуіне байланысты биылғы қаңтарда MSCI World акциялар индексінің төмендеуі -1% болды.

- Ұлттық қордың сол кезеңдегі инвестициялық кірісі (-)$340 млн немесе -0,59% болды.

- Қаңтарда қор нарықтарындағы құбылмалылық экономиканың біркелкі қалпына келмеуіне, сондай-ақ кәсіби емес инвесторлардың сауда платформаларындағы белсенділігі аясында шығыны көп компаниялар акцияларының шарықтауына байланысты күшейе түсті.

"Бұл ретте ақпанның басында акциялар нарығының қалпына келуі байқалды, биылғы ақпанның алғашқы 2 аптасында Ұлттық қордың инвестициялық кірісі биылғы қаңтардағы құлдырауды өтеп, $800 млн құрады", — деді ҚР Ұлттық банктің төрағасы Досаев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?