Қазақстан Қытайға айдайтын мұнай экспортының көлемін арттырмайды

16 Ақпан 2021, 14:21
Сурет: pexels.com

2021 жылы Қытайға мұнай тасымалдау көлемі өткен жылғы деңгейде қала береді, яғни 12 млн тонна. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол 2020 жылы Қытайға 12 миллион тонна мұнай экспортталғанын атап өтті.

Бағаға байланысты бізде тиімдірек бағыт - Қара теңіз нарығы бар. Қытай бағытына мұнай Ресей Федерациясынан да тасымалданады. Біз Ресейден Қытайға Қазақстан арқылы транзитпен 10 миллион тоннадан астам мұнай тасымалдаймыз, бұл біздің экономикамызды жақсартады. Менің ойымша, биыл бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалады, Қытайға шамамен 12 миллион тонна экспортталады, оның 10 миллионы Ресейден, - деді Данияр Берлібаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Өз кезегінде "Каспий Құбыр Консорциумы" АҚ бас директоры Николай Горбан 2021 жылы КҚК 67,5 миллион тонна мұнай айдауды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл келіп түскен алғашқы сұраныстар, ары қарайғы жағдай мұнай өндірушілер көлемді қалай белгілейтініне байланысты болады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?