Жаңалықтар тізбегі
0

Иран-АҚШ қақтығысы Қазақстанға мұнай экспортының жаңа мүмкіндіктерін ашады

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2020 16:09 видеодан кадр
Қытайдан Қазақстан, Иран арқылы өтетін теміржолы іске қосылған болатын. Бұл жолдан жүк пойыздар жүріп жатыр.

Қан төгілсе де Дональд Трамп саспайды. Ол "бәрі де жақсы" деп, халықты сабырға шақырды. Парсы шығанағындағы жағдайға қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев та шұғыл жиын өткізді. Онда не айтылды? Қос елдің қақтығысы Қазақстанға қалай әсер етпек? Сарапшылар не дейді?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Пентагон мен Конгресстегілер Таяу Шығыстағы беделді қолбасшы Қасем Сүлейманидың көзін жою дұрыс шешім еместігін айтуда. Тіпті, Дональд Трамптың әскери мәселелерде билігін қысқарту керек деген де пікір бар. Осы орайда отандық саясаттанушы қос елдің қақтығысы Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты.

Қазыбек Майгелдинов, саясаттанушы:

"Қазақстанға келетін болсақ, Қытайдың "Бір жол-бір белдеу" бастамасы арасында Қытайдан Қазақстан, Иран арқылы өтетін теміржолы іске қосылған болатын. Бұл жолдан жүк пойыздар жүріп жатыр. Алдағы уақытта нағыз соғыс қақтығыстарына көшетін болса, бұл экономкалық тұрғыдан теріс әсерін алып келетіні хақ.

Сондай-ақ саясаттанушы бұл қақтығыс еліміз үшін мұнай экспортында да жаңа мүмкіндіктер беретініне сенімді.

Қазыбек Майгелдинов, саясаттанушы:

"Қазақстан үшін қазіргі таңда бұл шиеленіс өршитін болса, мұнай бағамы өсетін болса, мұнайға деген тапшылық пайда болатын болса, осы тұрғыдан Қазақстанға Еуропа елдеріне, Азия Тынық мұхиты елдеріне мұнайын экспорттауға бір бағыт ашылуы мүмкін. Мұны да қарастыру керек".


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парсы шығанағындағы ахуалға қатысты жиын өткізді. Жабық отырыста мемлекет басшысы Сыртқы саясат пен басқа да органдарға елшілік қызметкерлерінің, сондағы компаниялар кеңселерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Естеріңізге салсақ, 3-қаңтарда АҚШ әскерилері Иранның беделі зор қолбасшысы Қасем Сүлеймениді мінген көлікті шабуылдап, көзін жойған еді. Трамптың тікелей тапсырмасымен жүрген іс-шараны Таяу Шығыстағы ел жұрт жақын қабылдап, Америкадан кек алатынын мәлімдеген еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: