Қазақстанның авиация әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясында тексеру жүргізуде
Қазақстанның авиация әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясына қатысты жоспар бойынша тексеруді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл ақпаратты Азаматтық авиация комитеті растады.
Әуе компаниясының ұшу жұмыстары, ұшуға жарамдылығы және медициналық салаға қатысты қызметі, сондай-ақ берілген лицензиялары мен сертификаттары тұрғысынан тексерілетіні туралы хабарланды.
Қазақстанның авиация әкімшілігі Қазақстан әуе кемелерінің операторларын жылына кемінде бір рет тексеріп отырады.
КАӘ бас директорының орынбасары Линда ОрлЭди Atameken Business-ке түсіндіріп өткендей, тексеру әуе компанияның ұшақтарына қатысты болған екі оқиғаға қатысы жоқ. Қандай да бір орын алған жағдайлар мен оқиғалар бойынша тексеріс олардың құзыретіне жатпайды. Бұл тексеру жоспарға сай жүргізуде.
Айта кетсек, 13 ақпанда Алматы әуежайына қонған Qazaq Air әуе компаниясына тиесілі ұшақтың доңғалағы жарылып кеткен болатын.