Нығматулин: жаңа заң жобасы – сот жүйесін жаңғыртудың аса маңызды кезеңі

Ж.Құспанов Ж.Құспанов
Жалпы отырыста сот жүйелері мен судьялардың мәртебесіне қатысты бірқатар заң жобалары мақұлданды.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста сот жүйелері мен судьялардың мәртебесіне қатысты бірқатар заң жобалары мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Олар депутаттардың бастамасымен әзірленді. Бұл заң жобалары Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қабылдау және оны ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізу сот жүйесінің жұмысына түзетулер енгізуді талап етті.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин аталған заң жобалары сот жүйесін жаңғыртудың жалғасы екенін алға тарта келіп:

- Жақында ғана Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сот жұмысының ашық, әділ және заман талабына сай болуына ерекше назар аударды. Сондықтан, бүгінгі құжаттарда осы талаптарды заң жағынан қамтамасыз етуге арналған маңызды нормалар қабылданды. Енді осы нормалар сот саласына білікті, кәсіби, тәжірибелі, жаңа мамандарды тартуға, сот процесіне жоғары технологиялық мүмкіндіктерді енгізуге жол ашатын болады, - деді.

Сондай-ақ, Палата Төрағасы сот жүйесіндегі реформаларды заң жағынан қамтамасыз ету жұмыстарын одан әрі жалғастыратын атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз