"Зерделідегі" қисайған тұрғын үйлер қашан жөнделеді - әкім жауабы

Алматы әкімдігі Алматы әкімдігі
2016 жылдан бері барлығы 13 тұрғын үй нығайтылды, 17 үй бойынша ұсынымдар алынды, осыған сәйкес 2021-2022 жылдары нығайту жұмыстары жүретін болады.

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тұрғындармен есептік кездесуі кезінде Алатау ауданының тұрғыны Зерделі ықшамауданындағы апаттық үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін көтерді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қала әкімі бұл мәселені жіті назарға алғанын, биылғы жылы апаттық жағдайдағы 10 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар екенін айтты.

“Мен бұл мәселе бойынша өздеріңізбен жиі кездесіп отырдым. Осы өткен екі-үш апта бұрын тағы барып қайтқан болатынмын. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылауға алдым. Биылғы жылдың соңына дейін 10 үйді қалыпқа келтіреміз. Қалған үйлерді жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады”, - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, шаһар басшысы жөндеу жұмыстарының барысы міндетті түрде тұрғындардың сұрауларына сәйкес, ұсыныстарын назарға ала отырып жүргізілетінін атап өтті.

Бүгінгі күні берілген қорытындыға сәйкес (№1/180, 1/160, 1/161, 1/165) үйлердің іргетасын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді, №1/167, 1/168 үйлер бойынша жұмыстар қолға алынды. Үйлердің іргетастарының негізін нығайту жөніндегі жұмыстар аяқталған соң қасбеттер сырланады және тұрғын үйлердің кіреберістері жөнделеді.

2016 жылдан бері барлығы 13 тұрғын үй нығайтылды, 17 үй бойынша ұсынымдар алынды, осыған сәйкес 2021-2022 жылдары нығайту жұмыстары жүретін болады.

2019 жылдың желтоқсанында "Зерделі-6" ықшам ауданында мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көп қабатты үйдің тұрғындары үйлерінің қисайып бара жатқанына шағымданды. Билік мәселені шешуге уәде берді. Тексеру мен зерттеулерден кейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шілде айында адамдар өз пәтеріне оралды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, тұрғындардың жөндеу жұмыстарына көңілі толмайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз