Алматыда ірі букмекерлік кеңсе жабылып, қылмыстық іс қозғалды

18 Ақпан 2021, 09:14
Сурет: inform.kz

"Олимп" букмекерлік кеңсесінің 3,6 млрд теңгесі мемлекет қазынасына өтті. Атышулы ұйымның мүлкін тәркілеу туралы шешімді Алматының Алмалы аудандық соты шығарды, деп хабарлайды zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сот актісімен, миллиардтардан бөлек, 4 ұшақ пен 3 автокөлік те мемлекет меншігіне өтті. Мүліктің бәрін ұйымдасқан топтың қылмыстық жолмен алғаны дәлелденді. Елдегі ең ірі букмекерлік кеңсе былтыр қаңтарда жұмысын тоқтатқан. Ұйымға қатысы бар басшылары мен қызметкерлері, бас-аяғы 10 адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Ізбасар Масақбаев, Алматы қалалық прокуратурасының бірінші басқарма басшысы:

- Алмалы ауданының соты 16-ақпанда Алматы қаласы прокурорының өтініш хатын қанағаттандырды. 12 адамға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған. Ол Алмалы аудандық сотында қаралуда. 10 адамға іздеу жолданды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?