Павлодарда ер адам өзіне қол жұмсап, зейнетақы жинағымен қарызын жаппақ болған

18 Ақпан 2021, 09:57
Сурет: pavlodarnews.kz

Артына соңғы хат сипатында видео хабарлама тастап, жоғалып кеткен павлодарлық ер адам табылды. Ол өзін тапқан волонтерларға қаржылық проблемалары шарасыз қадамға итермелегенін айтқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz мәліметі бойынша, "Павлодар қаласының іздеу тобы - VITA" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, оның жұбайы өздеріне хабарласып, содан бастап жоғалған ер адамды іздеу жұмыстары басталған.

"Біз Константин Сухановты үйіне жақын жерден таптық", - деді Екатерина Кудрявцева. - Оның айтуынша, қаржылық проблемалар шарасыз қадамға итермелеген. Біз оны өз үйіне алып бардық, отбасы қуанып, оны қарсы алды.

Айта кетсек, 17 ақпанда таңертең облыс орталығының тұрғыны Торайғыров көшесіндегі үйден белгісіз бағытқа шығып, содан хабарсыз кеткен. Ол құжаттарын, пәтер кілтін, ұялы телефонын үйде қалдыр,ан. Телефоннан видео хабарлама табылды, онда ер адам отбасынан кешірім сұрап, зейнетақы жинағын алып, қарызын төлеуді сұрайды.

Видеода Павлодар тұрғыны: "Егер бұл жазбаны туыстарым көріп тұрса, демек бұл менің тірілер қатарында жоқ екенімді білдіреді", - дейді.

Ер адамды ондаған волонтер, оның ішінде Ақсу қаласынан келгендер де іздеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?