Алаяқтар БЖЗҚ атынан жұртқа спам-хаттар жолдауда

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2021 16:36 Pixabay
БЖЗҚ мұндай хабарламаларды жібермейді және жеке мәліметтер мен сіздің банктік картаңыздың мәліметтерін телефон арқылы сұратпайды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары әлеуметтік желі және мессенджерлер арқылы алаяқтардан жалған хаттар ауық-ауық келіп отыратындығына шағымданады. Алаяқ өзін зейнетақы қорының қызметкері ретінде таныстыра отырып, банктік карточкаларының нөмірін анықтауға тырысады және зейнетақы жинағын қайта есептеу үшін салымшының реквизиттерін айтуды сұрайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай спам-хаттар Ресей Федерациясында бірнеше ай бойы тараған және оның Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесімен ешқандай байланысы жоқ екендігі анықталды.

БЖЗҚ мұндай хабарламаларды жібермейді және жеке мәліметтер мен сіздің банктік картаңыздың мәліметтерін телефон арқылы сұратпайды, деп хабарлады зейнетақы қорынан.

Сондай-ақ, БЖЗҚ бейтаныс сайттардың күдікті сілтемелерін баспауға кеңес береді және ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтынан немесе әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан тексеруді сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: