Жұмыс таппай, ыдыс жуған "Мисс Қызылордаға" Қуат Найманның көзі түсті
Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов жұмыс таппай, ыдыс жуған "Мисс Қызылорда - 2017" аруы - Гүлнұр Нұртаза туралы желідегі өз парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұған дейін модель бірнеше жерден жұмысқа шақырту алғаны белгілі. Бірі ресейлік шоуға қатысуға шақырса, екіншісі - Украинадағы жарнама агенттіктері. Бірақ сұлу қыз бұл ұсыныстардан бас тартқан. Ол ресейлік шоуға барса, өз елін таныта алмайды, ал Украинада жұмыс істеуден бас тартқан себебі - туған елінен көп жырақтығысы жоқ.
Қуат Хамитов қызықты ұсыныстарға елітіп кетпей, өз ары мен абыройын жоғары қойған аруға тәнті болғанын жеткізіп, сұлудың суретін Instagram парақшасына жүктеп, былай деп жазып қойды:
"Біздің аруымыз атақ-даңқ пен ақша үшін Ресейге бармай қалғаны туралы жаңалықты оқып, өзімді керемет сезіндім. Біздің елімізде әлі күнге дейін лайықты қыздар, Гүлнұр сияқты өз Отанын сүйетін патриоттар бар екенін мақтан тұтамын! Гүлнұр Нұртазадан үлгі алыңыздар, жарайсың!".
Бойжеткен оның жазбасына лайық басып, өзін қолдағаны үшін алғысын білдірді. Ол балуанға "аға" деп, ілтипат танытты.