Жаңалықтар тізбегі
0

«Естен кетпес сапар болды»: Головкин жанкүйерлеріне алғыс айтты

Геннадий Головкин Сурет: instagram/gggboxing
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Спортшы Instagram парақшасына видео жариялады. Видеодан GGG-дің Муратамен жекпе-жекке дайындалып жатқанын және жекпе-жектің өзін көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 сәуірде Головкин Риота Муратаны тоғызыншы раундта нокаутқа түсіріп, үш титул үшін жекпе-жекте жеңіске жетті. Ол IBF және IBO титулдарын қорғап, орта салмақтағы WBA Super белбеуін жеңіп алды.

Бұл – естен кетпес ерекше сапар болды. Жапонияға, қонақжай жапон халқына, олардың бізге танытқан ыстық ықыласына алғысым ерекше. Күн Шығыс еліне тағы да ораламын деп ойлаймын. Барлық жанкүйерлеріме шексіз ризашылығымды білдіремін. Көріскенше!Геннадий Головкин

Геннадий Головкинге жанкүйерлері де алғыс айтып, жылы лебізін білдіріп жатыр:

  • Жеңімпаз, сенің Канеломен жекпе-жегіңді күтеміз!

  • Сен чемпионсың!

  • Жаным!

  • Гена қарсыласты қалай сыйлау керек екенін көрсетті.

  • Естен кетпес эмоциялар үшін рақмет!

  • Аңыз адам!

  • Көз тимесін. Алға!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: