Геннадий Головкин жекпе-жек өткізу үшін Жапонияға ұшып кетті

Гена, бокс, Жапония, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2022 09:44 Сурет: Instagram.com/gggboxing
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Жапонияға жергілікті жұлдыз Риота Муратамен үлкен жекпе-жек өткізуге аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің Instagram парақшасында «Жақында кездескенше, Жапония!» деп қысқа хабарламамен кеткен сәтінен суретін жариялады.

Головкин - Мурата жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтеді. Орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO титулдары үшін жұдырықтасады.

Бұған дейін спортшы жаттығу кезіндегі видеолар мен фотоларды белсенді түрде жариялаған.

  • Бұл жолбарыс па, әлде арыстан ба?

  • Гена нағыз чемпион және патриот.

  • Туымыз өзгелерден биік болсын, ағайын. Біз сенімен мақтанамыз.

  • Мен оның жетістікке жететініне сенемін», - дейді боксшының комментаторлары.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: