Сойылған есек сүйектері табылып, асханалар тексерілуде 

18 Ақпан 2021, 16:30
Сурет: ozodlik.org

Қарақалпақстандағы Элликқала ауданында есектер жерленген орын табылып, жергілікті құқық қорғау органдары асханалар мен ет дүкендерін тексеруге кірісті. Санитария-эпидемиология қызметі есек еті қоғамдық тамақтандыру орындарына түскен-түспегенін анықтайды, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Бірнеше күн бұрын жергілікті блогер Достон Болтаев Элликқала ауданында елуден астам есектің сүйегі жатқан орынды көрген. Болтаевтың хабарлауынша, кейін осы маңда тағы оннан астам есектің сүйегі табылған.

– Ол жерге есектің сүйегі мен ішек-қарнын тастаған. Еті мен терісі табылмады. Бір жерде кем дегенде 55 есектің сүйегі жатты. Есектің етін бұлар қайда өткізіп жүр? Есектерді хайуанаттар бағындағы аңдар үшін сойған дейін десек, мұнда сүйектері қалған, – дейді Достон Болтаев.

Элликқала ауданы ішкі істер басқармасы қызметкерінің айтуынша, ішкі істер органдары тексеру жүргізіп жатыр.

Бұрындары Өзбекстанның басқа да облыстарында есек сүйектері тасталған орындар табылған. Сол кезде есек етін шұжыққа, тамаққа қосқаны хабарланған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?