Болашақта билік заң жобаларын халықпен талқылай бастауы мүмкін 

19 Ақпан 2021, 11:02
Сурет: видеодан кадр

Бизнес және халыққа қатысты заңдарға енгізілген нормалар, 60 күннен кейін ғана күшіне ие болады. Екі ай аралығында жаңа міндеттемелерге дайын болуы керек. Бұл туралы бүгін Әділет министрі Марат Бекетаев сенат отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ министр алдағы уақытта жаңа заң жобалары мұқият сараптамадан өтіп, халықпен талқыланатыны, сол арқылы оның тиімділігі бақыланады дейді. Сенаторлар заң нормаларын шығаруды жетілдіруге бағытталған бұл заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

Бұл міндет заңды әзірлеген мемлекеттік органдарға жүктелетін болады. Қабылданған заңның тиімділігін бағалау үшін әзірлеуші орган жаңа реттеудің салыстырмалы нәтижелері көрсетілген есепті дайындайды. Бұл есеп құқықтық мониторинг шеңберінде қолданылатын болады, сондай-ақ парламенттік тыңдауларда немесе үкіметтік сағатта талқылануы мүмкін.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?