Жаңалықтар тізбегі
0

Беларусь елінің үкіметі отставкаға кетті

belta.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2020 19:21 belta.by
Шешім қабылданған күннен бастап өз күшіне енеді.

Беларусь елінің үкіметі отставкаға кетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ұлттық заңнама интернет-порталының хабарлауынша, бұл жағдай Министрлер Кеңесінің 15 тамыздағы № 480 қаулысында қарастырылған. Құжатқа сәйкес, Конституцияның 106-бабы, "Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесі туралы" 2008 жылғы 23 шілдедегі № 424-З заңының 9-бабы бойынша Беларусь үкіметі президент жаңадан сайланған соң өз өкілеттігін доғарды. Шешім қабылданған күннен бастап өз күшіне енеді, деп хабарлайды БЕЛТА.

Бұған дейін мемлекет басшысы Александр Лукашенко үкіметтің одан әрі қарай жұмыс істеуі үшін құжаттарды дереу дайындауды тапсырған болатын. Содан кейін президент негізінен үкімет қайта жасақталғанын атап өтті. Сонымен қатар, ол кейбір күтпеген жағдай болуы мүмкін екенін айтты.

2020 жылы Александр Лукашенко алтыншы рет сайланды және ресми мәліметтер бойынша, ол сайлаудың бірінші кезеңінде-ақ жеңіске жетті. Кейбір азаматтардың пікірінше, дауыс беру нәтижелері жаппай бұрмаланған және іс жүзінде көпшілік президенттікке кандидат Светлана Тихановскаяға дауыс берді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: