Әлия Назарбаева қазақстандықтарға үндеу тастады

19 Ақпан 2021, 12:24
Сурет: bilimdinews.kz

Қоғам қайраткері, "Жандану әлемі" қайырымдылық қорының және әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қорының негізін қалаушы Әлия Назарбаева ADAM BOL AWARDS жүлдесіне қатысты қазақстандықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Құрметті достар! ADAM BOL AWARDS-қа дауыс беру аяқталуға жақын. Ертең, 20 ақпанда барлығымыз батырларымыздың есімін анықтаймыз. Егер бұрын оларға туыстары, достары мен көршілері ғана жасаған ерліктері үшін алғыс айтқан болса, енді бүкіл ел оларды қолдауға ие болмақ. 2021 жылы 1 наурызда Алматыда ADAM BOL AWARDS батырларын қошеметтеу және марапаттау рәсімі өтеді. Сондай-ақ біз сарапшылармен және біздің командамен бірге осы жүлде иегерлерін көңілді ортада әңгімеге тартып, ризашылығымызды білдіріп, қолдарын алмақпыз. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін! - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Әлия Назарбаева видеода қазақстандықтардың бұл сыйлықты ықыласпен қабыл алғанын атап өтті. Ал біздің елімізде жанашыр, батыр әрі асыл адамдар көп.

Әлия Назабаева "ADAM BOL" сыйлығын жауапты және ұлтжанды адамдардың әлеуметтік маңызын көптің мойындауы мен ризашылығы арқылы көтеру мақсатында құрғанын баса айтты.

Біздің отандастарымыздың асыл істері мен күнделікті қарапайым іс-әрекеттері батыр боп адамның тумайтынын, олардың туындайтынын дәлелдейді, - деді өз жазбасында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?