Екпе алғандардың арасында, әзірге ковид тіркелген жоқ
pexels.com
Бүгіндері Қазақстанның 20 мыңға жуық азаматы коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алған. Олардың арасында Covid-19-ға шалдықты дегендер, әзірге тіркелген жоқ - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.
22 ақпандағы жағдай бойынша 20 мыңға жуық қазақстандық коронавирус инфекциясына қарсы ресейлік Sputnik V вакцинасын алды. Бұл туралы бүгін Sputnik V вакцинасының екінші дозасын алған денсаулық сақтау вице-министрі - бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Бүгінгі күні Қазақстанның 20 мыңға жуық азаматы коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алған. Олардың арасында Covid-19-ға шалдықты дегендер, әзірге тіркелген жоқ, - деді ол.
Сондай-ақ, еліміздің бас санитарлық дәрігерге оның отбасы мүшелері коронавирусқа қарсы екпе салдыртуға дайын ба деген сұрақ қойылды.
Иә, әрине. Отбасымның барлық мүшелері арасында тек үлкен қызым екпе алуға жатады, ол - студент. Кезекке жазылып қойды, енді күтіп жүр, - деп жауап берді Ерлан Қиясов.
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Қинаят бас санитарлық дәрігермен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алды.
Олар вакцинаның алғашқы дозасын 1 ақпанда қабылдады. Екінші доза біріншісінен кейін 21 күн өткен соң салынады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript